«Sony Playstation» туралы не білесіздер? - на game.bugin.kz
Aidana - на game.bugin.kz Aidana

Тарихы

Қазіргі таңда әлем балаларының назарын бір арнаға тоғыстырған құрал түрі пайда болды. Не туралы айтпағымды біліп отырған боларсыздар, десек те оның «Sony playstation» екендігін ескерте кетейін. Ал, енді «Sony playstation» ойын консольінің тарихы мен пайда болған уақытын білесіздер ме? «Sony» компаниясы туралы қандай ақпараттарды білесіздер?  Егер сіздерді осы сұрақтар қызықтырса: міндетті түрде оқып шығыңыздар.

Sony Corporation – 1946 жылы Жапонияда құрылған трансұлттық корпорация екендігін біріміз білсек, екіншіміз білмейміз. Негізі Токио маңындағы Минато қаласында салынған. Sony Corporation көбінесе тұрмыстық және кәсіптік электроника, жоғарғы технологиялық өнімдерді өндірумен айналысады. «Sony» компаниясының тариxының негізін 1946 жылдың 7 мамырында Акио Морита және Масару Ибука қалаған. Компанияны бастапқы кезде «Токё цусин когё кабусики кайса» деп атаған , қысқаша Тоцуко. Бірақ оны американдықтардың айтуына қиындыққа соққан. Қазіргі «Сони» екі сөздің қосындысынан шыққан лат. sonus («дыбыс») және ағылшынша: sunny boys («күн балалары»; ағылшын тіліндегі sonny-boys сөзі жапон тілінде «кішкентай данышпандар» деген мағынаға ие). Жапонша «сонни» дыбысы сәтсіз бизнес деген сөзге ұқсаса келгендіктен бір «n» әрпін алып тастауды шешкен. Алайда «Sony» атауы тек 1958 жылдың қаңтар айында ғана берілген екен.

"Sony" компаниясының өнімдері: SonyRolly атты әуен ойнататын роботты, AIBO атты ит тәрізді роботты, гуманоидтарды және QRIO -ды жасап шығарған. 1970-1980 жылдары бірінші портативті Walkman аудиоплеерлері шыға бастайды. 1983 жылы Philips компаниясымен бірігіп нарыққа алғашқы компакт-дискілерін шығарады.

1990 жылдары алғашқы «мини-дискмэндер» пайда болған. 1990 жылдың өзінде Sony 500-ге жуық жаңа өнімдер шығарған, ол дегеніңіз күніне екі жаңа зат шығарып отырған.

1994 жылдың аяғында корпорация жапон нарығына "Play Station" ойын консольін ұсынады. Оның сәтті болғаны сонша 2000 жылы Play Station 2, 2006 жылы Play Station 3 ойындары шығады.2013 жылы Play Station 4 шыққан. 2011 жылдың тамыз айында компания портативті техникаға арналған компьютер экрандарын шығару үшін Toshiba, Hitachi және Innovation Network Corporation of Japan атты жапондық мемлекеттік-жеке меншік компаниясымен бірлескені жайлы жария етті.

Қазіргі таңда "Play Station" ойын консольін білмейтін жасөспірім кемде-кем. Олардың маңыздылығы әлі күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ. Тіптен "Sony" компаниясы тек "Play Station" ойын консольдарын шығаруды және дамытуды жоспарлап отыр. Себебі компанияның ең ауқымды жобасының бірі осы ойын консольдары болған екен. Бұл "Sony" ойын консольдарын қолданушылар үшін жағымды жаңалық.

0 Пікір Кіру