PUBG: Төңкеріс жасаған ойынның табыс тарихы - на game.bugin.kz
Рахман - на game.bugin.kz Рахман

PUBG ойыны туралы білесіз бе?

Бүгін заманауи ойындар әлемінде төңкеріс жасаған - PUBG ойынымен таныс болайық. 

Ел арасында PUBG деп танылған бұл ойынның толық аты - "Playerunknown’s Battlegrounds". Бұл жердегі "Playerunknown’s" сөзі батл-роял жанрының негізін қалаған Ник Бернард Гриннің ойындағы лақап аты. Ал "Battlegrounds" - "ұрыс алаңы" деген мағынаны береді. 

2017 жылы 23 наурыз күні Steam алаңында пайда болған бұл ойын бірден сұранысқа ие болды. Әр апта сайын рекорд жаңартып отырған ойынның қазіргі таңда 16 миллион көшірмесі сатылған. Ал онлайн түрде күнделікті ойнайтындардың саны 2 миллион қолданушыдан асып жығылады. 

Сонымен, бұл ойынның мұншалықты танымалдыққа ие болатын қандай құпиясы бар

Брендан Грин жапониялық "Корольдік шайқас" деп аталатын фильмді көргеннен соң ойын шығаруды қолға алған. Бұл ойынның ерекшелігі - 100 ойыншы бір үлкен алаңда өмір үшін айқасады. Өзіңе қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тауып, өмір үшін өзгелермен күресесің

PUBG ерекшелігі - миыңа салмақ салатын ешқандай тапсырма орындамайсың. Тек сенен бөлек 99 адам онлайн түрде өмір үшін күреседі. Бар болғаны осы. Дегенмен, ойынды жасаушылар оны барынша дамытуға тырысып жатыр. Түрлі локациялар мен жанрлар. Қару-жарақтың сан түрі мен неше түрлі көліктер. Жалғыз өзің немесе командаңды жинап, атыс алаңына шығып кетсең болады. Ойын үстінде бір-біріңмен еш қиындықсыз сөйлесуге мүмкіндік бар

Компьютерге арналған PUBG ойынына сұраныстың артқаны соншалық араға бір жыл салып телефонға арналған PUBG Mobile нұсқасын жасап шығарды. Міне, дәл қәзір PUBG пен оның Mobile нұсқасы нарықтағы ең сұранысқа ие ойындар.

0 Пікір Кіру